Принтерге шығару
24 Shymkent hero 1 Шымкент қаласының Полиция департаментінде 2019 жылғы 21 ақпанда өртеніп жатқан үйден сәбилерді аман алып қалған 13 жастағы Бақытжан Беркімбаев марапатталады.
Қалалық Полиция департаментінің бастығы жас батырға Қр Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 19 ақпандағы №72 бұйрығымен «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медальді табыстады. Ал ата-анасы үлгілі әрі өнегелі тәрбие бергені үшін министрдің атынан «Алғыс хатпен» марапатталды.
Еске сала кетейік: 2019 жылғы 18 ақпанда Шымкент қаласы ТЖ департаментінің бастығы Нұрболат Дербисов жас құтқарушыны алғыс хатпен марапаттап, естелікке сыйлық сыйлаған. Сондай-ақ, департамент бастығы жас батырды ведомстволық наградамен марапаттау үшін ҚР Ішкі істер министрлігіне ұсыныс жолданғандығын БАҚ өкілдеріне жеткізген еді.
24 Shymkent hero 2 24 Shymkent hero 2 24 Shymkent hero 2
 
Шымкент қ. ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы