Принтерге шығару
Өткен тәулікте қар құрсауында қалған автожолдарда Қарағанды облысы ТЖД бөлімшелерінің күшімен бірнеше авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді.
20 ақпан күні сағат 22:20-да Қарағанды қаласында ЖЭО-3 ауданында жолдың тазартылған учаскесіне қар құрсауынан 3 автокөлік шығарылды, 6 адам құтқарылды.
21 ақпанда сағат 04:11-де Жандарбекова көшесі бойындағы жолдың тазартылған учаскесіне қар құрсауынан "Газель" маркалы автокөлігі шығарылды.
Сағат 05:21-де Қарқаралы ауданында жергілікті маңызы бар "Бақты – Бүркітті" автожолында техникалық ақаулы автокөліктен 2 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Адамдар Қарқаралы қаласына жеткізілді, медициналық көмекке мұқтаж емес.
Сағат 05:35 – те Осакаров ауданында облыстық маңызы бар "Киевка-Осакаровка" автожолының 78 шақырымында қар құрсауында тұрып қалған автокөліктен Осакаровка кентіне 2 адам эвакуацияланды. Сондай-ақ жолдың тазартылған учаскесіне 5 адам болған 2 жеңіл автокөлік шығарылды, медициналық көмекке мұқтаж емес.
Құтқарушылар дауылды ауа райында шығу қаупі туралы ескертеді.
Халыққа алыс қашықтыққа, әсіресе түнде және ауа райы нашарлаған кезде сапарлардан бас тарту ұсынылады.
 
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі