Принтерге шығару
22 Alm obl Rabota Predprin 1 Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастамасымен Алматы облысы кәсіпкерлер палатасында "Шаған" ЖШС, "Шагын" ЖШС, "Даирова" ЖК, "CityPlus"СОО сияқты сауда үйлері мен базарлар сияқты нысандары өкілдерімен кездесу өтті.
Департамент бастығының орынбасары Серікқан Тұраров кіріспе сөз сөйледі. Серікқан Тұраров өз сөзінде Қазақстан Республикасының аумағында құқықтық мәртебесіне, меншік нысанына және қызмет түрлеріне қарамастан тексерілетін субъектілерге бақылау жүргізуді ұйымдастыру саласындағы қатынастар бір құжатпен - Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексімен регламенттелгенін атап өтті.
2015 жылғы 1 қаңтардан бастап өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылаудың баламасыр етінде өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит енгізілді, яғни бақылау субъектісінің ерікті шешімі мемлекеттің қатысуынсыз сараптамалық ұйымы тексергенін қалауы, өйткені өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес тігін бағалау нысандарының бірі болып табылады. Бұдан басқа, тексерудің мұндай нысаны адал кәсіпкерлерді көтермелеу құралы ретінде өзіне алып келеді, өйткені "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бақылау субъектісі сараптама ұйымының оң қорытынды сыналған кезде осы объект жоспардан тыс тексерулерді қоспағанда, тексерулерден 3 жылға босатылады.
Кездесу барысында кәсіпкерлерге өрт қауіпсіздігі саласында бақылау және қадағалау жүргізу саласындағы статистика келтірілді, өрт қауіпсіздігі саласындағы нормалар мен ережелерді бұзғаны үшін әкімшілік жазалау нормалары түсіндірілді, ал өрт кезінде адамдар қаза болған өрт мысалдарын келтіре отырып, өрт қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін қылмыстық заңнама нормалары түсіндірілді.
Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормалары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шаралары айтылды. Өз кезегінде Талдықорған қаласы ТЖ басқармасының бастығы Ерлан Ахашев кәсіпкерлер лауазымды тұлғалар тарапынан заңсыз іс-әрекеттер туралы өтініштеріне жедел әрекет ету үшін дереу сенім телефонына немесе оның жеке ұялы телефонына қоңырау шалу қажет екенін атап өтті.
Кездесу барысында "Шаған" ЖШС өкілі Асхат Нүкушев сауда объектілерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында ұсыныстар мен өзекті мәселелер бойынша, сондай-ақ Талдықорған қаласы ТЖ басқармасымен тығыз ынтымақтастықты жалғастыру қажеттілігі туралы сөз сөйледі.
22 Alm obl Rabota Predprin 2 22 Alm obl Rabota Predprin 2 22 Alm obl Rabota Predprin 2 22 Alm obl Rabota Predprin 2

 
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі