Принтерге шығару
19 Almaty brifing PVDKi Алматы қаласының аумағында 28 өзен, 6 жасанды су қоймасы, сондай-ақ, Үлкен Алматы каналы орналасқан. 28 өзеннің 5-і (Ақсай, Қарғалы, Есентай, Үлкен және Кіші Алматы) селге және су тасқынына қауіпті болып саналады.
Бүгін «Қазгидрометтің» хабарлауынша, таулы аудандардағы Үлкен және Кіші Алматы өзендері бассейндеріндегі қар көлемі қалыпты деңгейде.
Ауа райының ұзақ мерзімді болжамына сәйкес, Алматы қаласында 2019 жылдың наурыз айындағы орташа айлық ауа температурасы + 5°С болады деп күтілуде, бұл қалыптан 1°С қа жоғары (қалыпты нормасы: + 4°С). Ай сайынғы жауын-шашынның мөлшері қалыпты нормадан жоғары болады (қалыпты нормасы 76 мм: бірінші онкүндіктің соңынан бастап екінші онкүндіктің басында және соңында, сондай-ақ, үшінші онкүндікте жауын-шашын жиі жауады деп күтілуде).
Су тасқыны қаупіне жүйелі түрде талдау жүргізілді, жедел жағдай картасы құрылып, картадан 67 су тасқынына қауіпті аймақ анықталды (70 пайызы - жаңадан қосылған аумақтар). Олардың ішінде, 55 учаскедегі қауіп жойылды. Соңғы екі жылда 97 км арық желілері салынды және қайта жаңартылды, 32 км өзен жағалаулары тұрақталып, 1 бөгет нығайтылды.
2019 жылдың басынан бері қаланың 5 ауданында (Бостандық, Түрксіб, Алмалы, Жетісу және Медеу аудандары) 49,5 км арық жүйелерін қайта жөндеу және салу жұмыстары жоспарланған. Бұдан басқа, Есентай, Үлкен және Кіші Қарасу өзендерінің 8,3 км. тұрақтандыру және жетілдіру жұмыстарын жүргізу жалғастырылуда.
2019 жылғы су тасқыны маусымында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ТЖ бойынша Қалалық комиссиямен 7328 қызметкер, 1639 бірлік әртүрлі мақсаттағы техника, 3 бірлік жүзу құралдары, сондай-ақ, 107 бірлік мотопомп және 137 бірлік автономды электр станцияларымен жабдықталған күштер мен құралдар тобы құрылды.
«2017-2020 жылдарға арналған су тасқыны қаупін жою және алдын алу жөніндегі Кешенді шаралар» Жол картасының шеңберінде Алматы қаласы бойынша жоспарланған 8 іс-шара толығымен іске асырылды:
7 өзеннің көпірлеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді (Кіші Алматы, Жарбұлақ, Есентай);
- қаланың су қорғау белдеулерін, шағын өзендер мен су қоймаларын орнату жобалары түзетілді.
Су тасқынының жағдайы бақылауда, қажетті күштер мен құралдар төтенше жағдайға дайын.
 
Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі