18 VKO Nagrada 14 жасар жасөспірім өрт кезінде үйді тоқтан ажыратып және жанып жатқан үйдегі адамға көмектеспекші болған. Оқиға 2019 жылғы 29 қаңтарда Вячеслав пен оның отбасы тұратын барақ типтес екі қабатты үйде болған.
«Екінші пәтерде өрт болып жатыр деп баланы анасы оятқан. Анасы өрт сөндірушілерді шақырып, көршілеріне хабар беріп жатқан кезде Вячеслав еш кідірместен есікті бұзып кіріп, бүкіл үйді токтан ажыратқан және қолда бар құралдармен өртті сөндіруді бастаған», - дейді Риддер қаласы ТЖБ өртті мемлекеттік бақылау бөлімінің бас маманы Михаил Колганов.
От пен түтін көмек сұрап жатқан көршіге жеткізбеді. Азаматтық қорғау қызметкерлері келген бойда арнайы киімдері бар, кәсіби мамандар отпен арпалысқа кірісті. Отты ауыздықтады, зардап шеккен еркек күйік шалып, ауруханаға жіберілді.
Өрт кезінде 21 адам эвакуацияланды, оның 4-у балалар, біреуі 8 айлық сәби.
Өрт сөндіру кезінде көрсеткен батылдығы мен жанкештігі үшін «№5 орта мектебінің» 8 сынып оқушысы Вячеслав Головты мектеп оқушылары мен әкімшіліктің алдында Риддер қ. ТЖБ басшылығы марапаттады.
Бұл Вячеславтың өміріндегі алғашқы өрт емес екен. 10 жасар кезінде өрттің үйлерін жалмағанын өз көзімен көрген болатын. Бақытына орай Вячеславтың туыстары зардап шекпеген екен.
 
Шығыс Қазақстан облысы ТЖ департаменті