Принтерге шығару
34 Atyrau ACP 1 2019 жылғы 19 ақпанда сағат 09.35-те Миалы ауылының тұрғынынан «Ойтаң» ауылдық округінде «Газель» маркалы автомашинасының қар құрсауында қалып қойғандығы туралы хабарлама келіп түсті.
Дабылдан кейін Қызылқоға ауданының жеке құрамы № 10 өрт сөндіру бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Ж. Қосымбаевтың басшылығымен оқиға орнына шықты. 34 Atyrau ACP 2 1970 және 1981 жылы туылған азаматтар Ақтау қаласынан шығып, Миалы ауылына бара жатқаны анықталды, бірақ Миалы ауылынан 60 шақырым жерде "Ойтаң" ауылдық округінен автокөлік қар астында қалып қойды. 1 сағат ішінде олар автокөлікті өз күштерімен шығарып алуға тырысты,бірақ мүмкін болмады.
Біздің құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында автокөлік қардан шығарылды, жеке құрамның 1 техникасы мен 3 адамы жұмылдырылды. Зардап шеккендер медициналық көмекке мұқтаж емес
 
Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті
«ӨС және АҚЖҚ» ММ мемлекеттік тіл және ақпарат тобы