Принтерге шығару
30 SRAOSO ASR 1 Қостанай облысының оңтүстік бөлігінде қолайсыз ауа-райынан адамдар жиі қалың қар құрсауына түсіп қалады.
2019 жылғы 21 ақпанда Арқалық қаласынан қырық бес шақырым жердегі Целинное ауылының маңында ішінде 6 адам, оның ішінде 2 бала бар екі автокөлік қалың қар құрсауында тұрып қалды.
30 SRAOSO ASR 2 Солтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағының күші қалың қар құрсауынан адамдарды құтқарып алып шығу жұмысын жүргізді. Өтімділігі жоғары Марш-БРОНТО техникасын қолдану арқылы екі құтқарушы жолаушыларды құтқарды және Арқалық қаласына эвакуациялады. Құтқарылғандардың жалпы жағдайы қанағаттанарлық.
Солтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы жылдың қыс мезгіліндегі қолайсыз ауа-райы кездерінде мүмкіндігінше үйде қалуды және дауыл жөніндегі хабарламаларға жауаптылықпен қарауды ұсынады, осылайша өздеріңізді және жақындарыңызды бақытсыз салдарлардан қорғайсыз.
30 SRAOSO ASR 3 30 SRAOSO ASR 3 30 SRAOSO ASR 5
 
«ҚР ІІМ ТЖК Солтүстік өңірлік аэроұтқыр
жедел-құтқару жасағы (Қостанай қаласы)» ММ