Жаз уақыты жақындады – айналаның бәрі гүлдеп, хош иіс шығып қоршаған орта түрлі түске оранып шат-шадыман күйге енді. Табиғаттағы демалыс – стрестен арылу және күш-қуатты қалпына келтірудің ең жақсы амалы. Қала тұрғындарының көпшілігі саябақтарда және орманды-саябақ аймағында уақыт өткізуді құп көрсе, кейбіреуі жаяу туризммен әуестеніп далалық демалысқа (походқа) шығады. Осындай іс-шараларға аттанбас бұрын демалыстың шырқын бұзбас үшін барлық мүмкін болатын жайсыздықтардың алдын алған жөн.
Жылы мезгілдің келуінің бір кемшілігі - жәндікдердің көбеюі. Егер беймаза шыбын мен басқа да шіркейлер бәленің басы болса, сона, ара және басқа да шағатын тіршілік иелері денсаулыққа айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін. Бірақ ең қауіптісі – тас кенелер. Көзге түспейтіндей дерлік кіп-кішкентай қансорғыштар өз құрбанын көбіне шөпте, ал арасында бұталарда күтеді. Тас кененің шағуы адам ағзасына кейбір инфекциялардың түсу қатерімен қауіпті.
Орманды және орманды-дала алқаптарында демалуды жоспарлағандардың тас кенелер туралы және тас кене шаққан кездегі алғашқы көмек көрсетудің әдістері туралы кішкене білімі болуы қажет.
Тас кене шағуының аярлығы сол - ол бірден байқалмайды, себебі ол ешқандай әсер туғызбайды, барлық жайсыздықтар кейінірек басталады.
Егер сізді тас кене шағып, сіз қалаға жақын жерде орналақан болсаңыз шұғыл түрде жарақатпунктіне жүгініңіз, мамандар тас кенені артық қауіп-қатерсіз алып тастайды.
Тас кенені денеден ажырату оңай емес, бірақ ең бастысы дүрлікпей бәрін асықпай және жүйелі жасау керек.
Тас кенені шығару үшін қарапайым жіпті пайдалануға болады. Бұл үшін тас кенені жіппен аса мұқият орау керек. Жіпті тас кененің денесі мен ол жабысып алған орынның арасын орап және тас кененің айналасын екі айналыммен орау керек. Пайда болған ілгекті оның мойнына сәл бйлап, содан соң жіптердің шеттерін бір-біріне жалғап, екі саусақпен оны шиыршықтай бастау керек. Асығып шұғыл қозғалыстар жасаудың қажеті жоқ. Бұл ең қауіпсіз амал.
Тас кенені шығарғаннан кейін шаққан орынды спиртпен, арақпен, зеленкамен немесе йодпен емдеу керек. Содан соң қолды сабынмен әбден жуған дұрыс.
Шығарылған тас кенені суы бар қақпақпен нығыздап жабылатын шағын әйнек ыдысқа салып, зертханаға талдау жасауға апару қажет.
Тас кенелер көбейетін мамыр-маусым айларындағы кезеңде саяжай учаскесіндегі профилактика мақсатында учаскедегі шөпті шабыңыз, ешқандай қалың нудың ішіне кірмеңіз, тас кенені уақытында көру үшін үсті-басыңызды үнемі тексеріп отырыңыз. Тас кенелердің денеге бірден жабыспайтынын есте ұстаңыз, олар қан тамырларына жақын орынды іздейді, сондықтан өзіңіздің және отбасыңыздағы жақындарыңыздың үстін қарай отырып киімде өрмелеп жүрген тас кенені ұстап үлгеруге болады.
Табиғат аясындағы сапардан кейін үйге келген соң киімдерді мұқият қараңыз, тас кенелер киімнің қыртыстарында болып белгілі бір уақыттан кейін сізді тауып алуы мүмкін.
Бұл айтылғандар жануарларға да қатысты, олардың түктеріндегі тас кенелер байқалмайды және пәтерден де бір шығуы мүмкін, сондықтан иттер мен мысықтардың да үсті-басын міндетті түрде тексеру керек.
Тас кенелер ағаштарда жүрмейді, олар секіре де, ұша да алмайды, олар әдетте шөпке немесе аласа бұталарда өз құрбанын күтіп жасырынып жатады, тек қасына адам келген кезде оның киіміне жабысып сол арқылы өрмелеп жүреді.
Оның тістегенін біз сезбейміз, себебі тас кенелер тістеген орнына арнайы аурыртпайтын зат бөледі, сондықтан киімді тексеру профилактиканың ең маңызды бөлігі.
 
Ольга Протопопова
Орал қ. ТЖБ бас маманы
азаматтық қорғау подполковнигі