31 ZKO bezop avtomobilya 1 Облыс аумағында жыл сайын автокөліктердің саны артып келеді. Қазіргі уақытта автокөліктердегі өрт оқиғалары жиілеп кетті. Алдын алу мақсатында ТЖ департаментінің қызметкерлері автокөліктер көп жиналатын жерлерде (орталық базар, автовокзал, мамандандырылған ХҚКО және басқалар) рейдтер жүргізеді.
ТЖ департаменті қызметкерлері өрт сөндіру көлігі және автомобиль жолдары бөлімшесімен бірлесіп автопарк иелерімен кездесіп, өрт қауіпсіздігі бойынша алдын алу шараларын түсіндірді. Қоғамдық автобустарға көліктегі өрт қауіпсіздік бойынша плакаттар жапсырылған.
Төтенше жағдайлар департаменті сіздің автокөлігіңізде өртті болдырмаудың бірнеше маңызды шараларын естеріңізге салады:
- өрт сөндіргішті қол жетімді жерде ұстау;
- өрт сөндіргішті тек арнайы дүкендерде сатып алу және оның дайындығын мезгіл сайын тексеру;
- электр сымдарын жарамды күйде ұстау, ол үшін үнемі техникалық байқаудан өту;
- ұсталған автокөлікті сатып алу кезінде электр сымдарының жарамдығына көз жеткізу.
Өрттің пайда болуы жағдайда не істеу керек :
- қоғамдық көлікте өрт туралы жүргізушіге дереу хабарлау;
- көлікті тоқтатып, өрт сөндіру қызметін шақырып, 112 немеме 101 нөміріне хабарласу;
- тыныс алу мүшелерін, бетті орамалмен, көйлектің жеңімен немесе кез келген матамен жабу арқылы қорғау;
- қоғамдық көліктен шығару үшін авариялық люктер мен бүйір әйнектерін пайдалану;
- егер өрт автокөлік капотында болса, оны өрт сөндіргішсіз ашпаңыз;
- эвакуациядан кейін автокөліктен барынша алыстаңыз, отын багы жарылуы мүмкін.
 
БҚО ТЖД Зілзалалар қауіп-қатерін азайту
және азаматтық қорғау саласындағы
бақылау басқармасы