30 KTi Anons 2019 жылғы 15-19 шілде аралығында Ақмола облысының Көкшетау қаласында І Халықаралық жас құтқарушы-өрт сөндірушілер слеті жоспарлануда.
Шараның мақсаты төтенше жағдайлар туындаған кездегі дұрыс іс-қимылдардың дағдыларын үйрету және зардап шеккен адамдарға алғашқы медициналық көмек көрсету; балалар мен жастар арасында салауатты және қауіпсіз өмір салттын дәріптеу; жеке және ұжымдық қауіпсіздік мәселелеріне саналы және жауапты қатынасты қалыптастыру болып табылады.
Слетке еліміздің қалалары мен облыстарының 13 командасы мен Ресей, Әзірбайжан, Өзбекстан елдерінен келген шетелдік командалар қатысады.
Бағдарлама келесі байқау түрлерін және тақырыптық іс-шараларды көздейді: «Таныстыру», «Өрт сөндіру эстафетасы», «Newspaper-Billboard», «Алғашқы көмек көрсету», «Техногенді апат аймағындағы авариялық-құтқару жұмыстары», «Табиғи орта жағдайындағы іздестіру-құтқару жұмыстары», «Су акваторийлеріндегі құтқару жұмыстары».
Ашылу салтанаты 2019 жылғы 16 шілдеде сағ.09.30-да Көкшетау қ. «Тәуелсіздік» алаңында өткізіледі.
 
ҚР ІІМ ТЖК КТИ баспасөз қызметі