28 1 11 тамызда сағат 12-55-те 3 км. Костомар а. Қызылжар шаруашылығы «Жасыл аймақ» РКК аумағында жалпы көлемі 14,5 га құрғақ шөптер мен орманды жерлер өртенді.
Өртті сөндіруге ТЖК «Қазавиақұтқару» АҚ су-ағызу құрылғысы бар Ми-171 тікұшағы жұмылдырылды, ол арқылы алты су төгіндісі (шамамен 18 тонна) жүргізілді.
Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінен 17 қызметкер мен 4 бірлік техника, Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД 19 адам және 4 бірлік техника, «Жасыл Аймақ» РКК 40 жұмысшы мен 10 бірлік техника тартылды.
Өрт сол күні сағат 19-20-да оқшауланып, 12 тамызда сағат 17.00-де жойылды.
Зардап шеккендер жоқ.
28 2 28 2 28 2
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі