26 1 Бұл жаз ыстық болды. Температуралық режим барлық рұқсат етілген белгіден асып түсті. Шілдедегі аптап ыстықтан аман қалу үшін адамдар жаппай су айдындарына демалуға жол тартты. Алайда, судың демалуы тек жағымды эмоциялар ғана емес, үлкен қауіп. Адамдардың су айдындарында қаза болуының негізгі себебі – судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамау, шомылуға арналмаған жерлерде және мас күйінде шомылу.
Суда қаза болудың басым бөлігі мас күйінде суға түсуге, сондай-ақ жабдықталмаған және тыйым салынған жерлерде шомылуға байланысты болады. Жабдықталған жағажайларда да тәртіп ережелерін ұмытпау керек. Қапшағай су қоймасында Алматының ірі мегаполисінің тұрғындары демалады. Сондықтан судағы қауіпсіз демалыс өзін-өзі ұстау және "Судағы жүріс-тұрыс ережелерін"орындауға байланысты.
26 2 Өткен демалыс күндері Алматы облысы ТЖД қызметкерлері Қапшағай су қоймасының жағасында түнгі рейдтті ұйымдастыра отырып "Азаматтардың судағы қауіпсіздігі" атты кең ауқымды акциясын өткізді. Акция барысында қалалық жағажайда және шомылуға арналмаған жерлерде тұрғындармен профилактикалық әңгіме өткізіліп, жадынамалар таратылды. Адамдар көп жиналатын жерлерде құтқарушылар құтқару және суға батушыларға алғашқы медициналық көмек көрсету элементтерін көрсетті.
26 3 Акцияның мақсаты - күндізгі және түнгі уақытта су айдындарындағы жазатайым оқиғалардың санын азайту.
Іс-шараға ТЖД аппаратының қызметкерлері, Қапшағай өңірінің құтқарушылары, Қапшағай қаласының өрт сөндіруші-құтқарушылары, қалалық жағажайдың полицейлері мен қоғамдық құтқарушылары қатысты. Өткізілген акцияға құтқарушылармен бірге БАҚ өкілдері де қатысты.
Осындай профилактикалық іс – шаралардың мақсаты - адам өмірін құтқару және егер бұл іс-шаралар төтенше жағдай кезінде біреуге көмектескен болса, онда оған қол жеткізілді.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі