25 1 2019 жылдың 7 айында су айдындарында 21 жазатайым оқиға тіркелді, онда 22 адам қаза болды, оның ішінде суға шомылу маусымы кезеңінде 10 адам (оның ішінде 3 бала) қаза болды.
Суда адамдардың қаза болуы біздің облыс үшін әлеуметтік маңызды және өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Ағымдағы жылдың 9 тамызында су айдындарында төтенше жағдайлар мен оқиғалардың алдын алу мақсатында Атырау облысы ТЖД қызметкерлері ЖҚЖ құтқарушыларымен бірлесіп суайдындарында рейд ұйымдастырды.
Шараға "Каспий-Ньюс"телеарнасы қатысты.
Бұл рейдтің мақсаты - демалушылардың назарын судағы қауіпсіздік шараларына аудару, суға түсуге арналмаған орындарда шомылуға тыйым салынатынын ескерту және ережелерді БАҚ арқылы жеткізу.
Рейд барысында журналиске ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап су айдындарында, соның ішінде суға шомылу маусымы кезеңінде жағажайларда жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында ҚР ІІМ ТЖК департаменттері мен ведомстволық бағынысты бөлімшелері қала және аудан әкімдіктерімен және полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп су айдындарында шомылу кезінде адамдардың қауіпсіздігі бойынша үгіт-насихат және алдын алу жұмыстарын жүргізіп отырғандығы туралы айтылды.
Сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарында су айдындарындағы қауіпсіздік тақырыбы бойынша 249 сөз сөйлеу өткізілді, оның ішінде: теледидар арқылы – 32, газеттер мен журналдарда – 277, радио арқылы – 36; әлеуметтік желілерде 17 мақала жарияланды. Адамдардың қаза болуының алдын алуға және алдын алуға бағытталған 266 профилактикалық іс-шаралар өткізіліп, 5950 жаднама таратылды.
Сондай-ақ, сауықтыру лагерлерінде балалармен қауіпсіздік сабақтары, әңгімелесулер викториналар ұйымдастырылып, тақырыптық роликтер көрсетіледі. Бірақ кейбір азаматтардың ережелерге немқұрайлық танытатынын атап өткен жөн: мас күйінде шомылады, жас кіші балаларды су айдындарында қараусыз қалдырады және жабдықталмаған орындарда шомылады.
Кейін, азаматтық қорғаныс бөлімінің бастығы подполковник Құрманалиев Берік Қайыржанұлы тікелей репортажда суға шомылу маусымындағы оқиғалар бойынша статистиканы айтып, аймақ тұрғындарының назарына қауіпсіздік қағидаларын жеткізді: Балаларды жалғыз қалдырмаңыздар! Баламен бірге суға бармас бұрын оны жүзуге үйретіңіз, міндетті түрде құтқару жилетін кигізіңіз. Есіңізде болсын, жабдықталмаған жерлерде терең шұңқырлар кездесетінін ұмытпаңыз, ал балалар тіпті ешкімді көмекке шақыра алмастан, көзден таса болып, бірден батып кетеді.
Профилактикалық шара кезінде демалушыларға 250-ге жуық жадынамалар таратылып, су айдындарындағы жүріс-тұрыстың негізге ережелерін жеткізді.
25 2 25 2 25 2 25 2
Атырау облысы ТЖД
Ішкі және сыртқы коммуникация тобы