24 1 2019 жылғы 13 тамыз күні 05 сағат 06 минутта Алматы қаласы ТЖД «101» пультіне Алатау ауданының «Самғау» шағын ауданы (Құрылысшы) Көкорай көшесі 67 «А» үйден шыққан өрт туралы хабарлама келіп түсті.
Өрт сөндірушілер 400 шаршы метр аумақта кеңсе заттарын сақтауға арналған екі қабатты қойманың 2 қабаты мен шатырының жанып жақтандығын анықтады. ТЖД жеке құрамы мен арнайы техникасы 1 бис бойынша қауіптің жоғарылауына байланысты көбейе берді. « Алматы Тазалықтан» 2 цистерна су жеткізілді. Ғимараттың батыс жағындағы құрылыс құрылымдарының құлауы, объектінің аумағында су көздерінің болмауы өртті сөндіруді қиындатты.
24 2 Осыған байланысты, Алатау ауданының полиция Басқармасының қызметкерлері сөндірушілердің жылжымалы резервуарын сүйемелдеуді қамтамасыз етті.
Өрт сөндірушілердің қабылдаған шараларының арқасында жеке тұрғын үй секторының аумағына жақын орналасқан құрама жем сақтау қоймасына өрттің таралуына жол берілмеді.
06 сағат 28 минутта өрт сөндіріліп, 07 сағат 09 минутта толықтай жойылды. Барлығы 50 адам, 12 бірлік техника жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ.
Алматы қаласының ТЖД баспасөз қызметі