28 03.08. 2019 жылы 11 бала мен 3 ересектерден тұратын Павлодардан келген туристер тобы «ҚР ІІМ ТЖК РЖҚЖ» ММ-не тау-кен жорығын тіркеу мақсатында алдын ала жүру бағыттарын берген болатын. Құтқарушылардың бақылауынан өту мерзімі 12.08.2019 ж. байланысқа шығып, белгіленбеді.
Осы бағыт бойынша құтқарушылардың жедел тобы шықты.
Құтқарушылар оқиға орнына келгенге дейін жедел кезекші Павлодар қаласының балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығымен байланысқан. Олардың ақпаратына қарағанда, туристермен барлығы тәртіп бойынша болған және олар қалада болған.
Сондай-ақ құтқарушылар оқиға орнына келген соң павлодарлықтардың болжамды орналасқан жерін тексеруді шешті. Көп ұзамай жедел топ туристерді тапты. Олар өз қаласының басқа командасын жолда қарсы алып, бірге жорықты аяқтауды шешкен. Байланысқа шығу қажет болған кезде бақылау уақыты басқа күнмен шатастырып алған. Медициналық көмекке ешкім мұқтаж емес.
Құтқарушылар, туристерді әрі қарай сақ болуды сұрады, таудағы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері туралы айтты. Содан кейін топтарды қалаға дейін алып жүру ұсынылды,бирақ олар бас тартты, одан кейін РЖҚЖ базасына оралды.
«ҚР ІІМ ТЖК РЖҚЖ» ММ баспасөз қызметі