16 SKO vizit 1 10.09.2019ж. СҚО полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаев Петропавл қаласының өрт сөндірушілері мен құтқарушыларының күнделікті қызметімен танысты.
СҚО ТЖ департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Рамиль Камаловтың сүйемелдеуімен ҚР ІІМ аумақтық органының басшысы № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне, «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ № 4 және № 5 өрт сөндіру бөлімдеріне барды, онда бөлімшелердің жеке құрамымен кездесті, өрт сөндірушілердің тұрмыстық жағдайларымен, техникалық жабдықталуымен танысты. Марат Сағынтайұлына өлкенің өртке қарсы қызметінің қалыптасуы туралы айтылып, өрт қорғау мұражайының экспозициялары ұсынылды.
№ 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі мен № 3 өрт сөндіру бөліміне келген кезде қонаққа өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың оқу-жауынгерлік дайындығының эпизодтары көрсетілді – кедергілерден өту, оқу мұнарасының 4 қабатына шабуыл сатысымен көтерілу.
Жұмыс сапары дағдарыстық жағдайлар басқармасына баруымен аяқталды, онда Марат Сағынтайұлы тәулік бойы кезекшілікті және 101 және 112 телефондарына хабарлама қабылдауды жүзеге асыратын бөлімшенің қызметімен танысты.
 
СҚО ТЖ департаментінің
ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы