15 Kazspas 1 Den 1 2019 жылғы 10 қыркүйекте Алматы облысы, Тамғалы Тас шатқалында орналасқан «Жартасты қала – Астана» оқу-жаттығу полигонында «Казспас-2019» құтқару бөлімшелерінің 24-ші республикалық жиналыс-семинарының ашылуы өтті.
«Қазқұтқару-2019» оқу-жаттығу семинарына құтқару бөлімшелерінің 16 командасы қатысады, сонымен қатар ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің 14 жедел-құтқару бөлімшелері (Республикалық жедел-құтқару бөлімі, Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Атырау, Қостанай,Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Нұр-Сұлтан мен Шымкент қалаларының Төтенше жағдайлар департаментінің Жедел-құтқару бөлімшелері), Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери бөлімдерінен 2 командасы қатысады.
15 Kazspas 1 Den 2 Командалар құтқару көпсайысында жарысты.
Бүгін, 2019 жылғы 11 қыркүйекте, «Қазқұтқару-2019» бірінші күнінде командалар «Техногенді апаттар жағдайында іздестіру-құтқару жұмыстары» қашықтығында құтқару көпсайысы бойынша жарысуда. Кәсіби құтқарушылар «Жартас блогы» сатыларынан өтуде: «Үйінді», «Каньон», «Лабиринт», «Таулардағы құтқару жұмыстары», «Жол қозғалысы мен теміржол апаттары», «Химия», «Форт».
Жарыстың барлық кезеңдеріндегі командалардың негізгі міндеті - «жараланғандар» мен «қаза тапқандарды» табу, оларды босату, алғашқы медициналық көмек көрсету, оларды қауіпсіз жерге эвакуациялау.
Командалар жүргізілген жеребе салуға сәйкес жарысады.
Жарыстың әр кезеңінің нәтижелері бойынша ең мықты қатысушылар анықталады.
Оларға құтқару көпсайысы бойынша алдағы жарыстарда жеңістер тілейміз!
 
ҚР ІІМ ТЖ комитетінің баспасөз қызметі