25 ROSO 1 Тағы да шетелдіктерге «ҚР ІІМ ТЖК РЖҚЖ» ММ құтқарушыларының көмегі қажет болды.
Таңертең ерте, жақсы ауа - райы болғандықтан, шетелдік туристер тобы Талғар асуының ауданына жорыққа аттанып, Турист асуы арқылы түсуге ниет білдірген. Польшаның үш азаматтарынан тұратын топты Тянь-Шань тауларына жорық, тәжірибесі жоқ, Украина азаматы гид болып жүргізеді. Альпілік раушан ауданы аймағында ауа – райы бузылып ақ қар күшейiп, сокпак жабылып калады. Туристер қайта оралуға шешім қабылдайды. Кіші Талғар асуының ауданына келген соң, жауған қар топырақты тайғақ балшыққа айналдырған, оған төтеп беру мүмкін емес болып, салдарынан беткей бойынша жоғары көтерілуді жүзеге асыра алмаған. Шетелдіктер бұрынғы бағыт бойынша селден қорғау бекетіне жеткен. 25 ROSO 2 Ол жерде ешкім болмай, құтқарушылардың көмегі қажет екендігін түсінген.
Құтқарушылар жедел тобы жол бойы оқиға орнына жеткенше, телефон арқылы кеңес беріп, олардың шамамен орналасқан жерін түсінді. Бұл жағдайда жергілікті жер бедері мен ауа райы жағдайын ескере отырып, туристерге Бутаковка асуына қарай жылжу керектігін түсіндірді. Шетелдіктерге, түскен қардың аздығына қарамастан, қар көшкінінің түсу ықтималдығы пайда болуы және абайлап қозғалу керек екендігін хабарлады.
Сонымен қатар, құтқарушылардың жедел тобы шетелдіктерге қарсы жүрді. Зардап шегушілерге байланысып, кезекші диспетчер құтқарушыларды зардап шегушілермен үйлестіруді жүзеге асырды, сондықтан кездесу өте дәлме дәл болды. Медициналық көмекке ешкім мұқтаж емес. Құтқарушылар туристерді қалаға дейін аман алып келді.
 
«ҚР ІІМ ТЖК РЖҚЖ» ММ баспасөз қызметі