23 Atyrau Kupalny 1 Атырау облысы ТЖД бастығының орынбасары подполковник Ержанов Асқат Амангелдіұлы Атырау облысы Орталық коммуникациялар қызметінде брифинг өткізді. Аталмыш брифингте «2019 жылғы шомылу маусымының қорытындысы» мәселесі талқыланды.
2019 жылдың 15 маусымда ресми түрде басталған және 20 тамызында аяқталған шомылу маусымы кезеңінде Атырау облысы аумағында су объектілерінде адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар ұйымдастырылды.
Бірлескен жұмыстың ең маңызды бағыты судағы белгіленген және жабдықталған демалыс орындарын құру болды. Суға шомылу маусымы басталар алдында техникалық куәландырылған 2 жағажайды пайдалануға рұқсат беру жүргізілді.
23 Atyrau Kupalny 2 Ағымдағы жылдың шомылу маусымы басталар алдында, сондай-ақ су айдындарында, оның ішінде жағажайларда жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында Департамент және ҚР ІІМ ТЖК ведомстволық бағынысты бөлімшелері қала және аудан әкімдіктерімен бірлесіп, су айдындарында шомылу кезінде адамдардың қауіпсіздігі бойынша кең ауқымды үгіт-насихат және профилактикалық жұмыстар жүргізді.
Сонымен, есепті кезеңде бұқаралық ақпарат құралдарында жүріс-тұрыс ережелері, сондай-ақ су айдындарындағы қауіпсіздік нормаларын сақтау бойынша 419 сөз сөйлеу өткізілді.
Департаменттің басшылық құрамы тұрақты негізде Атырау облысы Орталық коммуникациялар қызметінде әртүрлі тақырыптар бойынша брифингтер мен баспасөз-турлар өткізді, онда 3 брифинг пен 2 көшпелі баспасөз туры су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігі тақырыбында өтті.
Адамдардың қаза болуының алдын алуға және болдырмауға бағытталған 346 профилактикалық іс-шаралар өткізілді, 7359 жадынама таратылды.
Полиция департаментімен бірлесіп суға шомылу маусымы кезеңінде су айдындарындағы адамдардың қауіпсіздігі бойынша үгіт-насихат бұқаралық жұмысының бірлескен жоспары әзірленді және бекітілді.
Қала және аудан тұрғындарымен 43 құқық бұзушылық анықталып, 466 рейд және патрульдеу жүргізілді, оның қорытындысы бойынша 157 адам әкімшілік жауапкершілікке жалпы сомасы 154,289 теңге, оның ішінде 139-ы ескерту түрінде тартылды.
2019 жылдың басынан бастап су айдындарында 25 жазатайым оқиға тіркелді, онда 26 адам қаза болды, оның ішінде шомылу маусымы кезеңінде 9 адам (оның ішінде 3 бала) қаза болды.
Жазатайым оқиғалардың себептері:
- жабдықталмаған жерде шомылу-8;
- балық аулауда судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамау - 3;
- балалардың су қоймаларына жақын жерде үлкендердің қарауынсыз болуы – 1;
- басқа себептер-13.
Адамдардың суда қаза болуының негізгі себептері болып жабдықталмаған жерлерде шомылу, мас күйінде шомылу, судағы қарапайым ережелерді сақтамау, түнгі уақытта шомылу және т. б. болып табылады.
Брифинг барысында журналистер сұрақтар қойып, оларға толық және нақты жауаптар берілді.
 
Е. Мажитов
Азаматтық қорғаныс бөлімінің аға офицері
майор