21 KOST PPB 2 Өрт - бұл кездейсоқ жағдай екенін жиі естуге болады. Бірақ бұл олай емес.
Өрт - көп жағдайда адамдардың өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтамауына немқұрайдылықпен қарауының салдары болып табылады.
Суық түскеннен бастап тұрғындардың электртехникалық және жылу шығаратын құрылғыларды белсенді пайдалануы басталады. Осы кезеңде дәстүрлі түрде тұрмыстағы өрттердің негізгі себептері: отты абайсыз пайдалану (соның ішінде темекі шегу), электр жабдығының ақаулығы, пештер мен тұрмыстық электр жылыту аспаптарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігінің бұзылуы болып табылады.
Ағымдағы жылдың 8 айында тұрғын үй секторында 548 өрт тіркелді. Тұрмыстағы өрттердің негізгі себептері электр жабдықтарын монтаждау және техникалық пайдалану қағидаларын бұзу 51 жағдай және пештерді орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзу 83 жағдай болды.
Өрт кезінде 51 адам, 35 млн. теңгеден астам материалдық құндылықтар құтқарылды. Тұрғын үй секторындағы өрттерде 13 адам қаза тапты, 12 адам әртүрлі дәрежедегі жарақат алды.
Осыған байланысты, облыс тұрғындарына пешті пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі қағидалары туралы еске салғым келеді.
Үйде тұрған пештер жарамды күйде болуы және өрт қауіпсіздігінің барлық талаптарын сақтауды ескере отырып жабдықталуы тиіс. Пештерді пайдалану кезінде қарапайым талаптарды сақтау керек:
түтін жолдары мен пештерді күйеден тазарту;
жанғыш шатырдың үстіндегі түтін құбырларында ұшқын ұстағыштар (металл торлар) болуы тиіс;
отынды, басқа да жанғыш заттар мен материалдарды оттықта орналастыру;
жанып жатқан пешті қараусыз қалдыруға, сондай-ақ балаларға қадағалауды тапсыруға;
пештерде және олардың жанында киімді, отынды және басқа да материалдарды кептіру;
пештерді қыздыру.
Есіңізде болсын, өрт от пен ұшқынның пештер мен түтін арналарын қалауда жарықшақтар мен тығыздық арқылы өтуі нәтижесінде пайда болуы мүмкін. Осыған байланысты пештер мен түтін құбырларына үнемі мұқият тексеру жүргізу, анықталған ақауларды жою, қажет болған жағдайда жөндеу жүргізу қажет.
Өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау - бұл сіздің игілігіңіздің, сіздің өміріңіз бен жақындарыңыздың өмірін сақтаудың кепілі!
Өрт сөндіруден гөрі алдын алу оңай!
«112» немесе «101» құтқару қызметінің бірыңғай нөмірі!.
 
О.М. Меңдібаева
Қостанай облысы ТЖД
Зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және
азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасы