21 Kyzyl Orda 1 Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері «Достық үйінде» Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Мұрат Самұратұлы Имандосовтың төрағалығымен өткізілген бірыңғай есеп беру күніне қатысты. Кәсіпкерлік субъектілерінің қатысуымен өткен отырыс барысында мемлекеттік бақылау-қадағалауды жүзеге асыратын органдардың бизнес-қоғамдастықпен кері байланысты қалыптастыру нәтижелері талқыланды.
21 Kyzyl Orda 2 Аталған кездесу бақылау-қадағалау қызметінің реформасын іске асыру шеңберінде мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері бойынша заңнаманың міндетті талаптарын түсіндіру және бұзушылықтарды жүйелі алдын алуды дамыту, тұрақты және қауіпсіз қызметті жүзеге асыру үшін кәсіпкерлер мен ұйымдардың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру мақсатында өткізілді.
Өткізілген кездесуде облыстың барлық мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының есептері, оның ішінде өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс саласындағы бақылау қызметінің есептері тыңдалды.
Өз сөзінде Қызылорда облысы ТЖД бастығының міндетін атқарушы азаматтық қорғау полковнигі Руслан Сламбекұлы Қайрақбаев мемлекеттік өрт бақылау және азаматтық қорғаныс іс-шараларын бақылау тәртібін, сондай-ақ осы салалардағы тексерулерді ұйымдастыру және жүргізу үшін барлық құқықтық негіздерді түсіндірді.
Бір сағат ішінде кездесуге қатысушылар кәсіпкерлік субъектілерінің туындаған сұрақтарына тиісті жауаптар берді.
Сол күні кездесуді өткізу бойынша түсірілген сюжет жергілікті «Qyzylorda» телеарнасы арқылы көпшілікке көрсетілді.
 
Қызылорда облысы ТЖД