30 UGO 2019 жылғы 9 қазанда Комитеттің азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы подполковник Ж.Т.Кәрімбаевтың төрағалығымен азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі инспекторлармен бірлесіп, «Қазақстан отын қауымдастығы 1» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер бірлестігінің өкілдерімен мұнай базаларында қорғаныс құрылыстарының болуы мәселесі бойынша жұмыс кездесуі өтті.
Кездесу барысында «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптары, халықты, ел объектілері мен аумағын қорғауға, әскери қақтығыстар туындаған кезде залал мен шығынды азайтуға бағытталған Азаматтық қорғаныс іс – шараларын орындау бойынша нормативтік-құқықтық актілер туралы түсініктемелер берілді.
 
ҚР ІІМ ТЖК
Азаматтық қорғаныс басқармасы