24 SKO Blagodarn Өрт сөндірушілер жұмысының қауіптілігі туралы барлығы біледі. Азаматтардың өмірі мен мүлкін құтқара отырып, өртпен күресуге үлкен батылдық болу керек. Сондықтан өрт сөндірушілер үшін ерекше құндылық-олар өрт апатымен күресетін адамдардан алғыс сөздер.
18 шілдеде таңертең Тайынша қаласы, Солтүстік шағын ауданындағы 2 қабатты көп пәтерлі тұрғын үйде, электр сымдарының қысқа тұйықталуы пәтердегі матрасқа ауысуымен орын алды.
СҚО ТЖ департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Рамиль Камаловтың атына Тайынша қаласының тұрғыны Леонид Эдмундовичтен алғыс хат келіп түсті, онда ол аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің, өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлеріне осы өртті жою кезінде көрсеткен кәсібилігі мен жеделдігі үшін алғысын білдірді. «Сіздің өртке қарсы қызметіңізге, атап айтқанда қара түтін басқан пәтерден мені шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсеткен ТЖ бөлімінің қызметкерлері Шаймерденов Тимур, Хамзин Нұржанға шын жүректен алғысымды білдіремін,» - деп Леонид Эдмундович өз алғысын білдірді.
Жағдайды бірден бағалай білген Тайынша ауданының ТЖБ қызметкерлері, бөлімнің аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Т. Б. Шаймерденов және стажер бөлім инженері Н. М. Хамзин өрттің шығу орнына сол сәтте қызметтік автокөлікпен шықты. Түтін басқан пәтерде адам бар екенін ТЖБ қызметкерлері оқиға орнына келген соң ғана білген. Жағдайды қауіпті деп бағалаған құтқарушылар азаматты эвакуациялауға шешім қабылдады. Үйдің екінші қабатында орналасқан пәтерге көтеріліп, олар дәліздегі еденде жатқан 58 жасар зардап шеккенің денесін тапты. Зардап шеккенді тез арада таза ауаға көшіру туралы, одан кейін жедел жәрдем шақыртуға шешім қабылданды. Көмек уақытында келіп, жедел жәрдем бригадасының медицина қызметкерлері зардап шеккен адамды ауруханаға жатқызды. Зардап шегушіні көшіргеннен кейін бірден оқиға орнына Тайынша қаласының №-14 өрт сөндіру бөлімшесінің қызметкерлері келіп, бір мезгілде эвакомер-шараларды өткізе отырып, өртті сөндіруді бастады. 12 адам эвакуацияланды, олардың төртеуі балалар. Көп ұзамай өрт ауыздықталып, оттың одан әрі таралуына жол бермеді.
Өрт сөндірушілер жұмысының жоғары бағасы Департаменттің жеке құрамын жаңа жетістіктерге және өз жұмысында мақсаттарды орындауға шабыттандырады.
 
СҚО ТЖД
ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы