28 Kyzyl Orda Brif 1 2018 жылғы 8 қарашада Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қызылорда облысының ТЖД Зілзалалардың қауіп–қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Бақтияр Тұрманов пен «ҚазтрансгазАймақ» АҚ Қызылорда филиалының бөлім бастығының орынбасары И.Бектұрғановтың қатысуымен «Аз қамтылған, көп балалы және аз қамтылған отбасылардағы тұрғын үйлерде көмірқышқыл газын анықтау үшін датчиктерді орнату тәртібі» тақырыбында баспасөз-мәслихаты өтті.
28 Kyzyl Orda Brif 2 Баспасөз-мәслихатында Бақтияр Тұрманов көмірқышқыл газын анықтайтын датчиктер орнату тәртібі, облыста орын алған өрт оқиғалары және олардың алдын алу туралы айтты.
«2019–2020 ж.ж. жылу беру маусымында аз қамтылған, көпбалалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасылар тұратын үйлерге көмірқышқыл газын анықтайтын датчиктерді орнату мақсатында жергілікті бюджеттен 1000 дана датчик сатып алынды. Алдағы уақытта жергілікті бюджет есебінен тағы 2830 дана датчик алу жоспарлануда.
28 Kyzyl Orda Brif 3 Облысы бойынша халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобына жататын азаматтардың тізімі алынып, қазіргі таңда 100% қамту мақсатында жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі күнге дейін облыс бойынша 500-ге жуық датчиктер орнатылды.
Сонымен қатар ескертетін жағдай аталған датчиктер тек көмірқышқыл газын анықтайтындықтан көмір отынымен жылытылатын үйлерге орнатылуда.»
Ислам Бектұрғановтың айтуынша табиғи газды анықтайтын датчиктердің түрі басқа болады, оны әрбір тұрғын өздерінің қауіпсіздігі үшін орнатып алуы қажет, бағасы 10-15 мың теңге көлемінде болуы мүмкін.
 
Қызылорда облысы ТЖД