27 Almaty predupr 1 Алматы қаласы ТЖД «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Алматы қаласы әкімдігінің цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қонақбаевтың, Департамент бастығы Серік Әубәкіровтің қатысуымен «Яндекс» халықаралық іздестіру қызметінің өкілдерімен және «Darmen» мобильді қосымшасын әзірлеушілермен кездесу өткізілді, оның барысында Алматы қаласы тұрғындарын төтенше жағдайлар мен ауа райы құбылыстары туралы хабардар ету бойынша өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол жеткізілді.
27 Almaty predupr 3 Енді «Яндекс» іздеу қосымшасы жаңалықтар таспасында, сондай-ақ смартфон экрандарында Департаменттің «Darmen» мобильдік қосымшасына алдағы жер сілкінісі, су тасқыны, сел ағыны және т. б. туралы жіберген ақпаратты көрсетеді.
Бұл функция Алматы қаласында төтенше жағдайлар кезінде халықты хабардар ету мерзімін қысқартады және қамтуды кеңейтуге мүмкіндік береді.
 
Алматы қаласының ТЖД баспасөз қызметі