22 Aqmola Dat4iki 1 Ақмола облысында тұрғын үйлерге көміртегі тотығының автономды 719 қондырғысы және түтінді анықтайтын 10 қондырғы орнатылды.
Құтқарушылар арнайы рейд жүргізіп, Застанционный кентінің тұрғындарының тұрмысы төмен және көп балалы отбасыларының үйлеріне көмірқышқыл газын анықтайтын қондырғыларды орнатты.
22 Aqmola Dat4iki 2 «2019-2020 жылдарға арналған жылу беру кезеңі жаңа басталғанына қарамастан, аймақта тұрғын үй секторында 115 өрт орын алды, өрттің қауіпті факторларынан төрт адам қайтыс болды, екі адам жарақат алды, екі адам көміртек тотығымен уланудан қайтыс болды. Өрттің негізгі себептері тұрғындардың отқа ұқыпты қарамауы, пештерді жобалау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу, электр жабдықтарын орнату және техникалық пайдалану ережелерін бұзу болды.», - деп хабарлады азаматтық қорғау органдарының апаттар қаупін азайту және бақылау департаментінің бастығы Денис Шелкоплясов.
Миниатюралық құрылғы ауадағы зиянды заттардың пайда болуына бірден жауап береді. Сенсор сигнал береді - қауіп туралы ескерту. Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің айтуынша, осы құрылғының арқасында бүгінде жазатайым оқиғалардың санын азайтуға мүмкіндік туды.
Биыл тағы 300 отбасына датчиктер орнату жоспарланған. Облыс тұрғындарына көмірқышқыл газының сенсорларын орнатуды ұсынамыз, олар еркін сатылады.
 
Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.