Принтерге шығару
2019 жылғы 16 қарашада «Әр үйдегі өрт қауіпсіздігі» атты ауқымды акция өткізіледі. Осы акцияның мақсаты астананың жеке тұрғын үй секторындағы өрттердің алдын алуға бағытталған аулаларды аралауға негізделеді.
Іс-шараға басқа мемлекеттік органдардан жалпы саны 500-ге жуық өкіл қатысады, атап айтқанда Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті, Ұлттық ұлан, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, Қызыл Жарты Ай еріктілері, сондай-ақ ТЖ комитетінің және ТЖ департаментінің жеке құрамы.
Жиналу уақыты және орны: сағат 10.30-да, Нұр-Сұлтан қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 4 (МӨСБ).
 
Аккредиттеу мәселелері бойынша
ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің
және Нұр-Сұлтан қаласы ТЖ департаментінің
баспасөз қызметіне
600975, 602140, 55-96-60, 8 702 142 84 44
телефондары, сондай-ақ This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
электрондық мекенжайы бойынша хабарласыңыз