27 Kyz Orda 1 Ағымдағы жылғы 20 наурыз күні 15 сағат 30 минутта Қызылорда қаласы №500 квартал, №8 участок, тұрғын үй жанып жатқаны жөнінде «112» - Құтқару қызметіне хабар түсті. Дәл осы уақытта 1 дана газ баллоны жарылып, оқиға орнына жақын жерде болған Қызылорда қаласы ТЖБ бас маманы азаматтық қорғау аға лейтенанты Ғалым Хамза төтенше жағдай аумағынан 2 баланы аман алып шықты.
27 Kyz Orda 2 Шақырту түскен сәттен соң жедел жеткен №5 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы барлау жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде тұрғын үй ауласында көлемі 15х5м қураған шөп жанып, 4х5м сарайы және ішінде 200 дана «ДВП», тұрмыстық заттары, 19 дана бөренесі, «Ваз 2106» маркалы жеңіл автокөлігінің алдыңғы бөлігіне көшіп жанып жатқандығы анықталды. Оқиға орнындағы өрт сөндірушілердің біріккен іс-әрекеттерінің арқасында тілсіз жау ошағынан тағы бір дана сыйымдылығы 27 л. газ баллоны шығарылды.
Өрт 15 сағат 50 минутта оқшауланып, 15 сағат 57 минутта толықтай жойылды. Қазіргі таңда жарақат алғандар жоқ. Өрттің шығу себептері мен салдары анықталу үстінде.
 
Қызылорда облысы ТЖД
«Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі»