112

Қазақстан Республикасында төтенше жағдайлар кезінде қоңырау шалу үшін «112» бірегей нөмірі ендірілген. Бұл қызмет - ұялы байланыс операторына ұялы телефоннан, қалалық телефон аппаратынан да қолжетімді. 112 нөміріне барлық келіп түскен қоңырау абонентінің нөмірі автоматы түрде анықталынып, диспетчер және абонент арасындағы әңгіме жазылады.
Қызметтің басты мақсаты азаматтардан келіп түскен қоңырауларды қабылдау, өңдеу, сәйкесінше қызметке жолдау, дағдарысты төтенше жағдайлар, дүлей зілзала және өзге де төтенше оқиғалар кезінде жедел әрекет ету жөніндегі қызметтер мен бөлімшелердің іс-қимылын үйлестіру, кезекшілік-диспечерлік және авариялық қызметтер арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл, күштер мен құралдарды жедел басқару болып табылады.
Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшылығының атына Орал қаласының тұрғыны Т.Гончаровадан алғыс хат келіп түсті, мұнда ол жедел кезекші көмекшісін атап көрсетуді сұрады. 2016 жылғы 15 мамырда азаматшаның үйінде жазатайым оқиға орын алып, баласы Александр оң жақ иығының жарақатын алған. Жігіт өзіне құлаған айнадан алған жарақаты сүйекке дейін терең болып, қансыраған. Жедел кезекшінің көмекшісі жедел жәрдемге хабарласып, үнемі зардап шеккен азаматтың туыстарымен байланыста болған.
- 112 қызметінің болғанына және осындай жақсы қызметкерлердің болғанына рахмет айтамын. Сізге әлденеше реет хабарласып тұрамыз, қызметкерлер әрқашан сыпайы және сауатты жауап береді.Ұлым сауығып келеді, тіпті мүгедек болмайды, - деп хабарламада жазылынған.
«112» телефон нөміріне қонырау шалған азаматтар бірнеше міндетті қағидаларды есте сақтауы тиіс. Бірінші кезекте, оператордың жауап бергенін күтуіңіз қажет – сізге міндетті түрде жауап береді, қонырау қойып сіз оператордың жұмысын қиындатып қоймай (ол қоңырау келіп түскен нөмірге қайта хабарласады), жауапты күту кезегінің соңына түсесіз (әрбір қоңырау жаңа қоңырау ретінде қабылданады). «112» операторының сұрақтарына анық және байсалды жауап беру қажет. Сынды сәтте адам өзін-өзі ұстай алмай, өзіне немесе басқа адамдарға не болғанын сауатты айтып бере алмайтыны белгілі. Осы уақыттағы оператордың қойған жетеуші сұрақтары орын алған жағдайдың мән-жайын айқындауға көмектеседі. Сондықтан операторға қойылған көптеген сұрақтарына ренжімей, оның орнына анық және байсалды жауап беріңіз. Сонымен қатар зардап шегуші немесе куәгер оператордан берген барлық нұсқауларды орындау қажет. Егер жағдай өзгесе (қиындаса немесе жақсарса), «112» нөміріне қайта хабарласып ескерту керек.
Сізге төтенше жағдайға байланысты әдеттегі сұрақтар қойылады:
  • оқиға орнының нақты мекен-жайы және/ немесе болжалды бағдары;
  • оқиға орнына жету сызбасы;
  • қоңырау шалған телефонның нөмері;
  • аты-жөніңіз;
  • оқиға, зардап шеккендер (егер болған жағдайда) туралы толық ақпарат .
«112» қызметіне шұғыл емес, болмашы жеке сипаттағы мәселелер бойынша хабарласудың керегі жоқ. Шұғыл қызметтерді шақыру қызметін анықтама қызметі ретінде қолданбаңыз – мұнда сіз ауа-райы туралы, анықтама алмайсыз, такси шақыра алмайсыз немесе ұялы байланыстың тарифін өзгерте алмайсыз. Сонымен қатар, кішкентай балалардың шұғыл қоңырау шалмауын немесе телефонның өздігінен осы нөмірді термеуін қадағалаңыз. Оператордың сізбен маңызды емес мәселе бойынша әңгімелескен немесе сіздің қоңырауыңызға қайта хабарласып жатқан кезде, әлдекім шынайы шұғыл көмекке зәру екендігін ұмытпағаныңыз абзал.
 
Азаматтық қорғау капитаны А.Р. Нурпеисов
Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті
 Бірыңғай кезекшілік-диспечерлік қызметі басқармасының жедел кезекшісі