2016 жылғы 17 қарашада Павлодар облысы ТЖ департаментінде орналасқан «Қыс 2016» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу басшылығы штабында оқу-жаттығудың 2-кезеңі шеңберінде Оқу-жаттығу штабының бастығы – ҚР ІІМ ТЖК төрағасының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі М.М. Күлдіковтің төрағалығымен бейне конференция байланыс режимінде оқу-жаттығуға күштер мен құралдардың әзірлік жай-күйі туралы және олардың өткізген іс-шаралары туралы орталық атқарушы органдар өкілдерін тыңдау өткізілді.
Кеңес «Дабыл-101» сигналы бойынша алғашқы кіріспені алғаннан кейін болды, осыған сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында суық ауа шебінің тез таралуына байланысты, 2017 жылғы 15-23 қаңтарда күрделі метеорологиялық жағдай күтілуде.
Оқу-жаттығудың мақсатына сәйкес қатты аязбен, дауылды желмен бірге болатын ауа температурасының күрт төмендеуі нәтижесінде электр берудің әуе желілері сымдарының мұз қатуы және үзілуі, су құбырының жарылуы, жылу энергетика, тіршілік қамтамасыз ететін объектілер жүйелерінің, авариясы мен қызметінің бұзылуы, автожолдарда көктайғақ құбылыстары, көлік магистральдарындағы қар алуы туындауы ықтимал.
Азаматтық қорғау мемлекеттік органдары қызметтерінің авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды практикалық орындау бойынша іс-қимыл пысықталды. Қысқы кезеңдегі ТЖ жоюға әзірлігі туралы баяндаған Азаматтық қорғаудың 15 республикалық қызметі тыңдалды.
Министрліктер мен ведомстволар өкілдеріне тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің авариясыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша жедел шаралар қабылдау, олардың туындау жағдайында нұқсан мен шығынды азайту, төтенше жағдайларда объектілердің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін арттыру бөлігінде тапсырмалар берілді.
 
pavl_rk_vks_1 pavl_rk_vks_1      
«Қыс-2016» оқу-жаттығуына
басшылық жасау штабы