Ағымдағы жылдың қыс кезеңі республиканың солтүстік өңірлерінде тәжірибеде уақытылы кезеңнен екі апта бұрын түсті және алғашқы күндерден бастап Павлодар облысы өмір тіршілігінің қамтамасыз ету объектілері мен құтқару қызметтерінің қатаң жағдайларға дайындығын тексереді.
РКШО өткізудің негізгі тапсырмаларының бірі азаматтық қорғаныстың қызметтері мен құрылымдарының қыс кезеңіндегі ТЖ-ға дайындығын тексеру болды.
Павлодар облысы ТЖД жедел-құтқару жасағының қыс кезеңіне сапалы дайындығы үшін Усолка су қоймасында авариялық-құтқару жұмыстарын тәжірибеде жүргізу пысықталды.
Ойы бойынша, балық аулаушылар «Москвич» жеңіл автокөлігінде, қысқы балық аулау қауіпсіздігі шараларын сақтамай және мұз үстіне шығу туралы тыйым салынған белгіге қарамай, Усолка су айдынындағы мұзға шықты және өту үшін рұқсат берілмеген жермен басқа жағаға өткілері келді. Нәтижесінде балықшылары бар көлік мұздың астына түсіп кетті.
Хабарды қабылдағаннан кейін құтқару жасағы бөлімшесінің құрамында 6 сүңгуірші және 1 бірлік техника сүңгуіршілерінің тобы, сонымен қатар жедел медициналық көмек бригадасы оқиға болған жерге жолданды. Сүңгуір құрал-сайманын қолданумен жүргізуші мен жолаушыны құтқару бойынша жұмыс жүргізілді, және пневможастықты қолданумен судан автокөлік шығарылды.
Оқу-жаттығу барысында облыстағы ірі жылу электростанцияның бірі – ЖЭЦ-1 «Қазақстан Алюминий» АҚ дайындығын тексеру жүргізілді.
ЖЭЦ-1 жылу және электр энергиясын шығарады және тұрғын секторды, Павлодар қаласының өнеркәсіп объектілерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының солтүстік өңірлерін электр қуатымен қамтамасыз етеді.
Сонымен, «Өнеркәсіп объектісіндегі төтенше жағдайды жою» тақырыбына сәйкес ЖЭЦ-1 турбиндік цехындағы № 5 трансформатордағы май құйылған ыдыстың герметикасы бұзылуының нәтижесінде, 140 м² көлемінде май төгіліп әрі қарай тұтанды, нәтижесінде электр цехының екі маманы күйікке ұшырады, орын алған өртті сөндіру іс-шаралары тәжірибеде жүргізілді. Өрттің № 4 трансформаторға және сыртқы технологиялық құрылғыларға тарау қауіпі туды.
Оқу-жаттығудың мақсатына жету үшін Павлодар облысы ТЖД өрт сөндіру жіне авариялық құтқару жұмыстары қызметінің жеке құрамы, сонымен қатар «Қазақстан Алюминий» АҚ әскериленген өрт командасымен бірлесіп энергетика объектілеріндегі өрттерді сөндіру бойынша тәжірибені тәжірибеде атқарды.
Жоғарыда баяндалған іс-шараларға «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» (41 адам және 14 бірлік техника), «Қазақстан Алюминий» АҚ әскериленген өрт командасы (19 адам және 6 бірлік техника) тартылды.
РКШО-дағы іс-қимылдарды теорияда және тәжірибеде атқару, қыс кезеңіндегі төтенше жағдайларда азаматтық қорғау құрылымдары мен қызметтерінің кәсіби дағыдысын арттыруға мүмкіндік берді.
 
Павлодар облысы ТЖД
мемлекеттік тіл және ақпарат тобы