Принтерге шығару
2016 жылғы 19 желтоқсанда 22 сағат 51 минутта Шығыс Қазақстан облысының құтқарушыларына «Жақсылық» шаруа қожалығы қыстағынан шамамен 300 бас қойы бар отармен қойшы таңертең ерте қойды жаюға шығып, әлі келмегені туралы хабар келіп түсті.
Малшыны іздеуге Семей қ. № 2 жасағы № 7 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан 5 адам, сонымен қатар қыстақтың иесі екі ұлымен шыққан. Түні бойы іздестірді, бірақ еш нәтиже болмады, тек таңғы сағат 6-да құтқарушылар малшыны отар қойымен тау шатқалынан тапқан.
70 жасар малшының айтуы бойынша бұрқасын салдарынан болжамынан шатысқан, бірақ абыржымай шатқалдан орын тауып, малдарды сонда айдап, өзі боран басылғанынша сонда күтпек болған.
 
 
Қойшының жағдайы қанағаттанарлық, медициналық көмекке мұқтаж емес. Малшыны арнайы автомобильде жылытып, оны аман-есеп қыстаққа жеткізді.
2016 жылғы 21 желтоқсанда сағат 01:27-де Семей – Өскемен автотрассасында Семей қаласынан 80 шақырым жерде трассаға 3 шақырым жетпей Асқаралы ауылы арқылы Кіші Қарасу аулынан шыққан екі жеңіл көлік және 3 адам қар құрсауында қалған. Олар да құтқарушыларға хабарласты, қар құрсауында қалғандарға көмек көрсету үшін Урал автомобилімен 2-МӨСБ 4 қызметкерлері оқиға орнына шықты.
Құтқару жұмыстары барысында бір азаматты трассада қалдырды, себебі оны туыстары тосып алып, Өскемен қ. алып кетті. Ал қалған екі азаматты Семей қаласына жеткізді.
Осы уақытқа дейін қар құрсауында қалғандар немесе адасқандар ішінде, зардап шеккендер жоқ. Дегенмен, құтқарушылар облыс тұрғындарынан ауа райына көңіл аударып, дауылдық ескерту кезінде еш көлік түрімен жолға шықпаулары туралы кеңес береді. Ал, шаруа қожалықтарының иелеріне жалдамалы жұмысшылардың және малдың қыстақтан алыс кетпегенін қадағалауларын сұрайды.
Шығыс Қазақстан облысының ТЖД
Семей қ. ТЖБ