33 Astana Torzh 1 Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.А. Назарбаев 1995 жылы 19 қазанда Мемлекеттің азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті орталық атқарушы органның құру туралы Қаулыға қол қойды. Бұл төтенше жағдайлардың жою мен алдын алудың тиімді жүйесін құруда бастама сәті болды.
Құтқарушылар күніне орай Астана қаласы ТЖ департаментінде ауқымды іс-шаралар жүргізіледі. Бұл спорттық, салтанатты іс-шаралар, Ашық есік күндері, мұражайға бару және т.б.

2018 жылғы 19 қазанда ҚР ІІМ ТЖ комитетінде кәсіби мереке – Құтқарушылар күніне арналған салтанатты жиналыс өтті, салтанатты жиналыста ардагерлер мен қызметкерлерге наградалар табыс етілді.
ҚР ІІМ ТЖ комитетінің төрағасы В. Р. Беккер, Төтенше жағдайлар органдары ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ. Е. Абдрахманов құттықтау сөз сөйледі.

13 PVLDr 1 Жыл сайын 19 қазанда құтқарушылар өздерінің кәсіби мерекесін – батылдық, ар-намыс және ерлік мерекесін атап өтеді.
Ол апатқа ұшыраған адамдарға кәсіби көмекті көрсете отыра, тәуекел шеңберінде жұмыс істеуге тура келетін өрт сөндірушілерді, құтқарушыларды, сүңгуірлерді, медициналық қызметкерлерді біріктіреді.