13 Kost ReiD 1 Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері Қостанай қ. тұрғын секторларында рейд жүргізді. Құтқарушылар үйлердің тұрғындарымен әңгімелесулер жүргізді, отпен абайсыз қолданудың әкелуі мүмкін салдары туралы, сонымен бірге қыс жағдайларында қауіпсіз жүріп тұру қағидалары, ТЖ туған жағдайда қайда жүгіну қажет, ТЖ туған кезде бірінші кезекте қолдану шаралары жөнінде айтып берді, сондай-ақ ТЖ алдын алу бойынша жадынамалар таратты.

25 Kar da Master Klass 1 Қарағанды облысының құтқарушылары қысқы су айдындарындағы төтенше жағдайларды алдын алу мақсатында, сонымен қатар мұзда төтенше жағдайлар кезінде практикалық әрекеттерді көрсету үшін шеберлік сабағы өткізілді.
Шеберлік сабақ барысында құтқарушылар мұз астына түскендерді құтқару және өзін-өзі құтқару тәсілдерін көрсетіп, қысқы су айдындарында, мұз астынан балық аулау кезіндегі қауіпсіздік шараларын түсіндірді.

26 Mang DN Тәуелсіздік күні – Қазақстан Республикасының басты ұлттық мерекесі. Бұл күнді жыл сайын елімізде 16 – шы желтоқсанда атап өтеміз.
Елдің алғашқы іргелі заңнамалық актісі Тәуелсіздік декларациясы болды. Бұл қоғамдық, адам құқықтары мен бостандықтарын, мүлікті және билікті бөлісудің негізгі принциптерін көрсететін құқықтық, саяси және идеологиялық құжат. Бұл негізгі ережелер Конституцияның негізін құрады.