32 K4S Konkurs Lu4shaya 1 2018 жылғы 6 желтоқсанда «2018 жылғы Үздік өрт сөндіру бөлімі» 9-шы республикалық байқаудың екінші кезеңі басталды. Іс-шараның ресми ашылуында Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы В.Р. Беккер жеке құрамның кәсіби шеберлігін арттыруына және бөлімдерде тәуліктік кезекшіліктін жағдайларын жақсартуына бірінші кезекте бағытталған жыл сайынғы байқау өткізілуінің ерекшелігін белгіледі.

33 SKO SaMrYk 1 Петропавлда Тұңғыш Президент күні облыс үшін маңызды оқиға – аймақтың ең талантты, белсенді және табысты жастарын жинаған «SAMURYQ-2018» сыйлығымен аталып өтті. Жыл бойы олар біздің әрқайсымыздың өмірін жақсартуға бағытталған өз жобаларын ұсынып дамытуда. Бұл күні олар салтанатты түрде лайықты марапаттарға ие болды.

Мұздан балық аулау... Жылтыраған мұз айдыны, көптен күткен қабу, термостан ыстық шай... Мұз астынан балық аулау қандай керемет десеңші?! Бірақ, алдамшы мұз жамылғысы қандай қауіп-қатер туғызуы мүмкін екендігі жайлы кім ойланды?
Мұз қабаты су айдындарында біркелкі емес. Оған көптеген себептер бар: ағыстың болуы, су түбінің бедері, су асты өсімдіктерінің көп болуы.