Ағымдағы жылдың 3-9 шілде аралығында су айдындарында ТЖК құтқару бөлімшелерімен 10 адам құтқарылды, соның ішінде 5 бала, 38 адам қаза болды, соның ішінде 11 бала.
Қазы болудын негізгі себептері – балаларды қарауынсыз қалдыру, шомылуға арналмаған жерлерде суға түсу, балық аулау кезінде жүріс-тұрыс ережелерін сақтамау.
Ақмола облысында 4 адам қаза болды, соның ішінде 2 бала;
Ақтөбе облысында 4 адам қаза болды, соның ішінде 2 бала;
Алматы облысында - 8 адам, соның ішінде 1 бала;
Шығыс Қазақстан облысында - 5 адам;
Жамбыл облысында - 1 адам;
Батыс Қазақстан облысында - 3 адам, соның ішінде 1 бала;
Қарағанды облысында - 2 адам;
Қызылорда облысында - 3 адам, соның ішінде 2 бала;
Қостанай облысында - 1 адам;
Павлодар облысында - 2 адам;
Солтүстік Қазақстан облысында - 2 адам, соның ішінде 1 бала;
Оңтүстік Қазақстан облысында - 3 адам, соның ішінде 2 бала.
 Сонымен қатар, іздеу жұмыстары Қызылорда облысында Сырдария өзенінде, Қостанай облысында Тобол өзенінде және Батыс Қазақстан облысында Күшім арнасында жүргізілуде.
 ҚР ІІМ ТЖ комитеті ата-аналарға балаларды қарауынсыз қалдырмауды сұрайды. Балалар суда немесе судын жанында болған кезде үнемі назарыңызда болу қажет.
 Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларында «Балалардың су айдындарының маңында болуына ересектермен бірге болған кезде рұқсат етіледі» деген норма бекітілген, яғни балалардың су айдындары жаныңда ересектерсіз болуы қауіпсіздік қағиданың бұзуы болып саналады.
 Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстың 412 бабына сәйкес «Су айдындарында қауiпсiздiк қағидаларын бұзу немесе орындамау қылмыстық жаза қолданылатын іс-әрекет белгілері болмаған кезде су айдындарында қауiпсiздiк қағидаларының сақталуына жауапты тұлғаның оларды бұзуы немесе орындамауы – жеке тұлғаларға – жеті, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады».
 
 
ҚР ІІМ ТЖК баспасөз комитеті
pojar ast 1 Өткен демалыс күндері «101» пультіне сағат 14:52-де Астана қаласы, Ақжол көшесі, 41 мекен-жайы бойынша газы бар цистернаның жануы туралы хабар түсті. № 1 және 6 өрт сөндіру бөлімдерінің кезекші қарауылдары келу уақытында сағат 14:58-де «ЗИЛ-130» (газ цистернасы) маркалы автокөлігінің қозғалтқыш бөлігі, кабинасы және цистернаның астындағы сыйымдылығы 7 тонна пропаны бар торап агрегаттары жанып жатты. Өрттің цистернаға жайылу қаупі төнді, бұл өз кезегінде оның жарылуына әкелуі мүмкін еді.

spas zko 2 Жаз маусымы басталысымен қаламыздың барлық су қоймаларында құтқару қызметі аянбай үздіксіз қызмет атқаруда. Биылғы суға түсу кезеңінде жедел-құтқару жасағының арқасында қайғылы жағдайдан ада болып, 10 адам тілсіз жаудан аман қалды. Кезекті құтқару Киров атындағы мәдениет және демалыс саябағында орын алды. 7 шілде күні №1 Құтқару бекетінің құтқарушыларының кезекшілігінде 2010 жылғы ата-анасының қарауынсыз суға түскен қыз бала құтқарылды.