26 ZKO Oblet 1 Өткен жылдардың тәжірибесі көрсеткендей, көктемгі уақытта құрғақ шөптің, қоқыстың жануына байланысты, ауылдық елді мекендерде, орман алқаптарында, ауыл шаруашылығы алқаптарында, үй жанындағы учаскелерде өрт саны ұлғаюда. Өрттің басым бөлігі бақыланбайтын ауыл шаруашылығы өрттерінің салдарынан (өткен жылғы шөп пен сабанды өртеу), ормандар отты ұқыпсыз пайдалану салдарынан да жанып тұрады.

Бүгінгі таңда еліміздегі барлық білім беру нысандарына карантинге жабылып, мектеп оқушыларының көпшілігі күндіз өз бетінше қалады. Бұл кезде ата-аналар баласының уақытын қалай өткізетіндігі туралы ойлануы керек, балалармен пікірталас өткізіп, оларға ересектер болмаған кезде қауіп тудыратын әр-түрлі төтенше жағдайларды және өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіруі керек.

30 Kostan REiD 1 Наурыз айының жылы күндерінде Қостанай суайдындары қауіпті болады. Сондықтан ТЖД қызметкерлері мұз еру кезеңінде суайдындарында жазатайым оқиғаларды болдырмау бойынша алдын алу жұмыстарын күшейтеді. Құтқарушылар адамдарға мұздағы қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы ескертеді. Мұз астындағы балық аулау және мұз жолдары қауіп көзі болуы мүмкін.

Подкатегории