30 Kostanai TV Қостанай облысы ТЖД бастығы азаматтық қорғау полковнигі Т.Кәкімов өңірде үлкен судың келуін болдырмау бойынша қандай жұмыстар жүргізіліп жатқаны туралы айтып өтті. Бұл туралы «Qostanay» телеарнасындағы «Бірінші студия» қабырғасында айтылды .
«Орташа алғанда облыс бойынша қар жамылғысының биіктігі көп жылдық мәннен сәл асып, орташа алғанда 24-25 см, нормада 22-23 см құрады.

34 Kostan Led 1 Наурыздық мұзда төтенше жағдайлардың алдын алу профилактикасы маңызды және өзекті. Осы кезеңде қостанайлық құтқарушылар адамдардың мұзға рұқсатсыз шығу орындарын анықтау мақсатында су қоймаларын патрульдеуді күшейтеді. Олар көктемгі балық аулау әуесқойларға профилактикалық кеңес беріп, оларға көктемгі кезеңде мұзда қауіпсіз тәртібі ережелерін түсіндіріп, жадынамаларды үйлестіріп береді.

Көктем келді. Қыстың қарлы дауылдарына аяқ келді,жақында аязды күндерді ұмытып, осы күнгі көктемге қуануға болады.
Сонымен бірге біздің облысымыздың көлдері мен өзендерінде мұз жұқарады. Алайда көктемгі мұздың қаупі аз емес. Бұл мезгілде су айдындарында адамдар суға кетіп жатады, жұқа мұз құрбандары болады.