30 CMK pol gosp 1 Апаттар медицинасы орталығының төтенше жағдайларға ден қою бойынша негізгі жедел бірлігі – Алматы және Өскемен қалаларында, яғни табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар жиі болып тұратынөңірлерде орналасқан апаттар медицинасының 2 жасағы болып табылады.
Жасақтар автономды далалық режимде шұғыл түрде қолдануға арналған мобильді госпитальмен жабдықталған.

7 1 2017 жылғы 9-10 қарашада Қазақстан Республикасында «Қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін даярлау» тақырыбындағы «Қыс-2017» командалық–штабтық оқу-жаттығуы өтті. Оқу-жаттығудың штабы Ақтөбе қаласында орналасты.

11 2017 жылғы 10 қарашада «Қыс-2017» Республикалық командалық-штабтық жаттығулар аясында Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті қаланы 45% -ға электр қуатымен, сондай-ақ 30% - ға, жылу энергиясымен қамтамасыз ететін Жетісу ауданындағы ТЭЦ-1 тіршілікті қамтитын нысанында арнайы-тактикалық жаттығу өтті.