26 Alm Obl Travostoi 1 Алматы облысының үш ауданында құрғақ шөптің тұтануы орын алды.
2017 жылғы 3 қыркүйекте 18 сағат 33 минутында Ескелді ауданы, Қаратал ауылдық округінің «Чажа» шатқалында, таулы аймақта алдын-ала алаңы 200 га және 100 ш.м. орман алқабында құрғақ шөптің тұтануы орын алды. Өрт сөндіру қызметінің барлық күштері мен құралдарын өртпен күресуге салынды.

15 Xakima 6 қыркүйекте Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы өзінің әріптесін, тәлімгерді, керемет әйел, құрметті ардагер – Какима Хайруллақызы Асқарованы шын жүректен құттықтады.
Біздің қатарда туған күн иегері бар екенін барлығы алдына ала білді, өйткені Какима Хайруллақызы 18 жылдан бері бізбен бірге. Әр күн сайын ол сенімді қадаммен, көтеріңкі көңіл-күймен, көптеген идеялармен жұмысқа келеді: жаңбырда да, - күннің көзі шығып тұрса да, қар жауса да, ол әрқашан да бізбен бірге.

18 Pozhar Taraz 1 2017 жылғы 5 қыркүйекте сағат 10.15-те Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру байланыс орталық пунктіне Тараз қаласы «Шах» дәмханасында өрт оқиғасы орын алғандығы жөнінде мәлімет келіп түсті.
Сағат 10.20-да өрт оқиғасы орнына №1 ӨСБ 2 АЦ жетті. Онда олар «Шах» кафесінің өртенуін және көршілес жеке үйлерге өрттің жайылу қаупі бар екенін анықтады.