22 2017 жылы ағымдағы кезеңде өрт пайда болмай 33 адам улы газдан жарақат алдың, оның ішінде 10-ны балалар. 2 адам қаза тапты.
Мұндай ТЖ басым көпшілігінде жылу пешін пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзудың нәтижесінде болады. Басқа сөзбен айтқанда, адамдар өздерінің қауіпсіздігіне қарапайым немқұрайлылық пен ұқыпсыздық танытудан, мысалы, қатты отындағы пештердің қақпағын уақытында жауып тастаманғандықтан зардап шегеді.

2017 жылғы 10 қарашада генерал – майор В.Р.Беккер төрағалығымен Төтенше жағдайлар комитеті қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің бірінші басшыларының және бас бухгалтерлерінің қатысуымен «онлайн» режимінде «2017 жылдың аяғына дейін бөлінген республикалық және жергілікті бюджеттің болжамды игерілуі, сонымен қоса жақында болатын Есеп комитетінің республикалық бюджеттің орындалуын бақылау бойынша мемлекеттік аудиті туралы» мәселесі бойынша кеңесі өткізілді. Қаржымен қамтамасыз ету басқармасы басшысы Ә.Д.Жемтықбаеваның, Тылдық қамтмасыз ету басқармасы басшысы З.В.Бейсенбаеваның есебі тыңдалды.

14 1 2017 жылғы 8 қарашада Қарағанды облысының ТЖ департаментінде «Қызқы мезгілде қауіпсіздік» тақырыбында №62 Жалпы білім беру мектебі 9 сынып оқушылары қатысуымен облыстық интерактивті сабақ өткізілді. Сонымен қоса, қауіпсіздік сабағына онлайн-режімінде облыстың 106 мектебінен 2650 қатысушылар қосылды.