2018 жылғы 2 наурызда Бұланды ауданы Алакөл ауылынан 1 шақырым қашықтықта «Астана-Петропавл» автожолының 140-шы шақырымында, «Мерке-Екатеринбург» бағыты бойынша жүріп бара жатқан «Ванхол» маркалы жолаушылар автобусы сынып қалды.
Бұланды ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері ақауы бар жолаушылар автобусынан Бұланды ауданының «Алакөл негізгі мектебі» КММ жылыту пунктіне 54 жолаушы эвакуацияланды және орналастырылды, оның ішінде 52-сі Тәжікстан Республикасының азаматы, 1-еуі Ресей Федерациясының азаматы және 2 жүргізуші Қазақстан Республикасының азаматы.

Зырян ауданында Шығыс өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Бұқтырма суқоймасында адамдарға көмектесті.
Үш ер адам көлікпен тереңдігі 70 см және ені бірнеше метр мұз ойығында батып қалды.

20 1 Ағымдағы жылдың 1 наурыздағы Алматы облысында жаңбыр түріндегі жауын-шашынның жаууына және ауа температурасының көтерілуіне, қардың еруіне байланысты Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Талғар, Ақсу аудандардың және Талдықорған қаласының көшелерін, жеке тұрғын үйдің аулаларын су басты.
24 ақпаннан бастап Жамбыл ауданындағы Ұзынағаш және Қайназар ауылдарының суды сору және қаптармен бөгет құру жұмыстары жасалып жатыр. Қазіргі уақытта 2 шақырым уақытша су бұру арнасы жүргізілді. 28 ақпанда Ұзынағаш пен Қайназар ауылдарныда жұмыстар толығымен тоқтатылды.