17 Veteran Krgda 1 Міне бүгін Ұлы Жеңіске 72-жыл. Бұл – тарих беттерінде үлкен орын алатын қайғылы да, қуанышты күндердің бірі. Бірақ совет кезіндегі батырлардың фашистік Германияны жеңгені ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып қалатын естелік.
Біз, кейінгі ұрпақ соғыстың не екенін білмесек те, соғысқа қатысқан ардагерлерімізді ұмытпай ұлықтауымыз қажет.

14 Marafon Aktobe 2 2017 жылғы 6 мамырда Атырау қаласында бірінші рет әуесқойлар үшін 10 шақырымға, кәсіпқойлар үшін 21 шақырымға жүгіру қашықтықтарында өткізілген марафонға Атырау облысы ТЖД қызметкерлері - Атырау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы азаматтық қорғау майоры Жаңабаев Нұрлан, Атырау қаласы ТЖБ аға инженері азаматтық қорғау майоры Хафизұлы Асыланбек және Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бас маманы азаматтық қорғау капитаны Дәулетов Дәурен қатысты.

ҚР ІІМ ТЖ комитетінің бес құтқарушысы мен өрт сөндірушісі әскери және қызметтік міндеттерін адал орындағаны, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету кезінде көрсеткен ерлігі мен қайсарлығы үшін Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 2  мамырдағы № 469 Жарлығымен Қазақстан Республикасының мемлекетік наградаларымен марапатталды.  Олардың істері мен жедел іс-қимылдары шын мәнінде де ерлік болып табылады, олар қиын төтенше жағдайлар шарттарында өз өмірлерін қатерге тігіп батырлық пен ержүректілік танытып, адам өмірін құтқарды.