14 Zhambyl oblet 1 Жамбыл облысының әкімі К.Н. Көкрекбаев, облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.С. Орынбеков және Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Б.Ж. Данилов су тасқынының жай-күйін бақылау мақсатында көктемгі су басу ықтималдығы басым облыс аймағын аралап тікұшақпен ұшып шықты.

poezd medicus Көлік медицинасын дамыту аясында 2010 жылы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-мен медициналық қамтамасыз ету мәселелерінде өзара іс-қимыл туралы меморандум бекітілген. 2010 жылдан бастап мақсатты жұмыс істейтін «Саламатты Қазақстан», «Денсаулық» және «Жәрдем» атты үш консультациялық-диагностикалық пойызы барлық қажетті медициналық диагностикалық аппаратурамен жабдықталған, ҚР ІІМ ТЖ комитеті «Апаттар медицинасы теміржол госпитальдары» АҚ жоғары білікті медициналық персоналымен жасақталды. «Медициналық пойыздарды құру» бірлескен жобасын іске асыру еліміздің шалғай өңірлерінің тұрғындарына қолжетімді медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз етті.

2017 жылғы 3 сәуір күні Заградовка-Горное-Петропавл жолында боранға тап болды. Жолда жолаушылары бар үш автобус тұрып қалды.