Отшашуларды, салюттерді, тағы да басқа пиротехникалық өнімдерді тек арнайы дүкендерден сатып алыңыздар, оларды қолдан немесе базардан сатып алуға болмайды, себебі от жерлерде сатылатын пиротехникалық өнімдер заңсыз әкелінген болып шығуы мүмкін. Отшашулар мен салюттерді тұрғын үйлердің немесе тез жанғыш заттардың қасында 20 метрден жақын жерлерде, төмен бастырмалар мен өсіп тұрған ағаштардың астында қолдануға болмайды. Отшашуларды жаққан кезде білтесін бетке жақын ұстауға болмайды.
Отшашуларды білтесін созылған қол қашықтығында жағу керек. Ол 6-8 секунда жанады. Отшашудан ұшқан ұшқындарын өшіру қиын, сондықтан егер ол қолға тисе – міндетті түрде тері күйіп қалады. Ракеталар мен отшашуларды адамдарға қарай атуға болмайды. Ракета бұл қауіптілігі жоғары пиротехникалық бұйым. Кейде қардың үстіне орнатылған ракета бір жағына ауып кетіп, бағытын өзгертіп, адамдарға ұшуы мүмкін. Сондықтан ракета сияқты пиротехникалық өнімдерді қолданғанда, олардың іске қосатын түтіктерінің жерге нық орнатылуын байқау қажет.
Отшашулар мен салюттерді қатты жел кезінде қолдануға болмайды. Балаларға пиротехникалық заттармен ойнауға тыйым салу керек. Пиротехникалық заттар – бұл балалардың ойыншығы емес! Пиротехникалық заттарды аяқтын астына құлатып алуға немесе әдейі тастауға мүлдем болмайды.
 

akcia vko Өскемен қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы «МИКС» қалалық радиостанциямен бірлесіп жаңажылдық мерекелер қарсаңында өрттер мен жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында облыс орталығының тұрғындарына арнайы викторина өткізді.
«Микс» радиостанциясы басшылығының қолдауымен біз қала тұрғындарына өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаудың маңыздылығы, өрттің алдын алу үшін үйдегі шыршаны қалай сауатты да қауіпсіз орнату қажеттігі, пиротехникалық өнімдерді пайдалану кезіндегі жазатайым оқиғаларға жол бермеу туралы еске салуды жөн көрдік», - дейді Өскемен қаласы ТЖ басқармасының баспасөз хатшысы Марина Лискова.
Жаңа жылдық мерекелер – бұл жаппай өтетін ертеңгіліктердің, демалыс кештерінің шағы. Және де мерекелік іс-шараларды ұйымдастырып жүргізу кезіндегі өрт қауіпсіздігі қағидаларының талаптарын қатаң қадағалау ғана жарақаттардың, зақымданудың алдын алуға, сондай-ақ Жаңа жылды қауіпсіз қарсы алуға да мүммкіндік береді. Көптеген нысандарда (негізінен мектептер, балабақшалар), Жаңа жылдық мерекелік іс-шаралар өтеді. Жаңа жылдық салтанаттарды өткізу аралығында адамдар көптеп жиналатын барлық нысандар, адамдар жаппай келетін нысандар санатына кіретінін ескере отырсақ, мәдени-көпшілік іс-шараларды (кештер, қойылымдар, жаңа жыл шыршалары т.с.с.) жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауаптыларға мерекелік іс-шаралар өткізу орындарында сенімді өртке қарсы қорғауды қамтамасыз ету мәселелеріне барлық жауаптылықпен қарау қажет. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауаптылар мекемелердің басшылары болып табылады.