muzei kyzylorda 1 Қызылорда облысы ТЖД-де өрт сөндірушілер мен құтқарушылар музейінің салтанатты ашылуы болды. Қызылорда облысы ТЖД бастығы азаматтық қорғау полковнигі О.Қ. Бержанов пен ТЖД ардагерлер кеңесінің мүшесі С.С. Смайылов музейдің ашылғандығын білдіретін лентаны қию рәсімін жасады. Аталмыш шараға азаматтық қорғау қызметкерлері мен төтенше жағдайлар саласы ардагерлері қатысты.

asr sraoso 1 Солтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 2016 жылғы 19 желтоқсан түнде Қостанай облысының Қарасу және Науырзым аудандарының тас жолдарында іздестіріп-құтқару және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізді.
Бірінші шақырту кезекші бөлімге 01 сағат 40 минутта келіп түсті, онда автокөлігі қалың қарда қалып қойғаны және ондағы 7 адамды оның ішінде 1 баланы эвакуациялау қажет екендігі хабарланды. Құтқарушылар Қостанай облысы ТЖД қызметкерлерімен бірлесіп тез арада өтімділігі жоғары «ТРЭКОЛ» және «КамАЗ» техникаларымен шығып кетті.
Ауа-райының бұзылуы, боран, нашар көру жағдайы, қалың қардың жауғанына байланысты облысымыздың Теміртау-Ақмола, Ұлытау-Қостанай бағытында жол қозғалысы шектелді.
Үстіміздегі жылдың 20 желтоқсанға қараған түнде Қарағанды облысы ТЖД құтқару бөлімшелерінің жүргізген авариялық-құтқару жұмыстары барысында қар құрсауынан 13 адам эвакуацияланып, 3 бірлік техника шығарылды. Авариялық-құтқару операцияларында 3 бірлік техника мен жеке құрамнан 6 адам жұмылдырылды.
Осакаровка ауданында сағат 01:35-те Молодежный кентінен 6 шақырым жерде қар құрсауында қалған автокөлігіндегі 4 адам Молодежный кентіне эвакуацияланды.