rov aktobe 1 Азаматтық қорғау полковнигі Аманжол Үмбетов Қазақстанның Тәуелсіздігі жарияланған алғашқы күндерден бастап азаматтық қорғау органдарында қызмет өткеріп келеді. Ол өрт сөндіру қызметіне алғаш келгенде ҚР ІІМ Алматы өрт-техникалық училищесін бітірген жас лейтенант болатын. Тәуелсіз мемлекеттің ТЖ органының қалыптасу жолындағы қиыншылықтар мен ауыртпалықтарды Аманжол Әндешұлы есіне алады...
90-шы жылдары Ақтөбеде екі әскери өрт сөндіру бөлімшесі ғана болды, олардың өзі қажетті өрт-жарақтарымен толық қамтамасыз етілмеген болатын. Еңбекақыны 3-4 айға кешіктіріп беретін. Лауазымға тағайындалған қызметкерлердің бірқатарының қиыншылыққа шыдамай, жұмыстан шығып кеткендері де болды. Себебі, ол кезде базарда сауда жасап, күнделікті тиын-тебендерін тапқан әлдеқайда пайдалы болды.
Әрқайсысының асырайтын отбасылары болғандықтан, оларды айыптаудың да реті жоқ болатын.

Жаңа жылдық мерекелер – бұл жаппай өтетін ертеңгіліктердің, демалыс кештерінің шағы. Және де мерекелік іс-шараларды ұйымдастырып жүргізу кезіндегі өрт қауіпсіздігі қағидаларының талаптарын қатаң қадағалау ғана жарақаттардың, зақымданудың алдын алуға, сондай-ақ Жаңа жылды қауіпсіз қарсы алуға да мүммкіндік береді. Көптеген нысандарда (негізінен мектептер, балабақшалар), Жаңа жылдық мерекелік іс-шаралар өтеді, Жаңа жылдық салтанаттарды өткізу аралығында адамдар көптеп жиналатын барлық нысандар, адамдар жаппай келетін нысандар санатына кіретінін ескере отырсақ, мәдени-көпшілік іс-шараларды (кештер, қойылымдар, жаңа жыл шыршалары т.с.с.) жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауаптыларға мерекелік іс-шаралар өткізу орындарында сенімді өртке қарсы қорғауды қамтамасыз ету мәселелеріне барлық жауаптылықпен қарау қажет. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауаптылар мекемелердің басшылары болып табылады.

detdom sko 1 «Болашақ» отбасына барып келді
Солтүстік Қазақстан облысы ТЖ департаментінің Жедел-құтқару жасағы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «25 қайырымды іс» науқаны аясында Петропавл қаласының балалар үйіне барып қайтты.
Жасақ басшысы Алтай Тезекпаев және бас құтқарушы Ораз Қаршалов «Болашақ» атты отбасының балаларына барып келді. Жедел-құтқару жасағының атынан балаларға сыйлықтарды берді. Балалар үлкен қызығушылықпен қонақтармен әңгімелесіп, болашақта қандай мамандық иесі болғылары келетіні жайлы айтып берді.
Кездесу соңында Алтай Тезекпаев: «Бүгін біз, қайырымдылық іс-шарасы аясында, тағы бір жақсы іс жасап, балаларға кішкентай болса да қуаныш пен жылу сыйладық деп үміттенеміз» - деді. Балалар үйінің директоры Ризабек Қақпеновтын айтуынша, балалар үйінің тәрбиеленушілері қонақтарға риза болып, қонақтарды әрқашан қуанышпен қарсы алатынын айтты.
Кездесу соңында құтқарушылар балалармен бірге естелікке фотосуретке түсті. Ал балалар болса құтқарушыларды көп уақыт жібергісі келмей, тағы да қонаққа келетіндеріне сөз алды.