zhamb 1 Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнінің 25 жылдығын мерекелеу шеңберінде Облыстық мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізу орталығы Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесе патриоттық акциясын өткізді.
Әлеуметтік-мәдени бағдарламасының бөлім меңгерушісі-акция жетекшісі Ольга Сагандыкова, кәсіби білім беру мекемелеріне талапкерлердің түсуі үшін тарту мақсатында жүргізілген үгіт-насихат кәсіби бағдардың басты маңызды бағыты болып табылады деп санайды. Алғашқы осындай акция квест-ойыны формасында жаңа форматта ұйымдастырылған болатын. Өскелең ұрпақтың республикалық білім беру стандарты, білім беру технологиясының үдерісінде қайраткерлікті талап етеді. Жаңа ақпаратты жүйелендіру және өздігінше іздену үдерісінде қазіргі жастардың білімді жақсы меңгеретінін өмір көрсетіп отыр. Бүгінгі күні барлығы квестті пайдаланудың өзектілігін ұғынған. Квестті пайдалану ақпараттық қоғамның талабымен сай келетін өзінше сапалы дамуға және тәрбиеге қабілеттендіреді. Квест-ойынын жаңаша жағдайда оқыту әдістемесі оқытушылармен сабақта кең қолданыс тапқан.
asr vko 1 Өрт бүгін күндіз Азат көшесіндегі жеке үйде болған. Өрттің шығу себебін мамандар анықтау үстінде. Алайда, өрт шыққан кезде қожайындардың айтуынша үйде ешкім болмаған. Өрт сөндіру бөлімшесі оқиға орнына жеткен кезде от қарқынды түрде ғимаратты жалмап кеткен екен. Үй толығымен дерлік ағаштан салынған. Қабырғаның, бөлме аралық қабырғалар, жиһаз, тұрмыстық техника, жеке заттар, құжаттар мен шатырдың ағаш құрылымдары. Өрттің жалпы ауданы 150 шаршы метрді құрады.
Өртті сөндіруге барысында 2-МӨСБ, 46-ӨСБ, 7-ӨСБ –нің жеке құрамынан 18 адам, 5 бірлік техника жұмылдырылды.

ang mang 1 Департаменттің ұзақ сақталу қоймасының қажеттілігіне орай 2016 жылғы мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша техникаларды және жұмылдыру қорының жабдықтарын сақтау үшін ангарлар алынды.
Жергілікті бюджеттің қаражатынан алынған тез тұрғызылатын аңғарлар соғыс кезінде қолдануға арналған материалдық –техникалық ресурстардың сақталу тәртібін оңтайландырады.
Еске салайық, 2016 жылғы Департаменттің және ведомствалық бағынышты мекемелерінің материалдық –техникалық базасын нығайтуда областық бюджеттің жан-жақты қолдауымен 417 млн. теңге бөлінді.