2017 жылдың су тасқыны кезеңіне дайындық барысында су тасқынына қарсы облыстық комиссиясының төрағасы – Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ж.М. Бексарының төрағалық етуімен және Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Ш.З. Байбековтың қатысуымен «2017 жылдың су тасқыны кезеңіне дайындық» мәселелесі бойынша отырыс өткізілді.

SRAOSO 09 02 1 Қостанай облысында қалың қардағы жұмыстар былтырғы жылдың соңғы айынан бастап жалғасуда. Солтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағының құтқарушылары өңірдің тасжолдары мен жолсыздықтарында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуде.

ROSO gl 8 ақпан күні Оңтүстік астанада 2017 жылғы Дүниежүзілік қысқы Универсиаданың аяқталуы өтті. Спорттық жарысқа қатысушылар бұл керемет оқиғалардан әлі де ләззат алуда , ал жанкүйерлер алған ұмытылмас әсерлерімен машахаттануда. Әзірге бұқаралық ақпарат құралдары алған медальдардың санын анықтағанша , Республикалық жедел-құтқару жасағы өзінің қарапайым, бірақ өте маңызды жұмыстарының қорытындысын шығаруда .