35 ZKO SOS 2019 жылдың қысы Батыс Қазақстан облысының тұрғындары үшін өте қарлы болды. «Қазгидромет» РМК мәлімдегендей облыстың кейбір аудандарында биылғы жылы қардың биіктігі орташа көпжылдық мәннен 1,5 еседен 3 есеге дейін жоғары. 2019 жылдың басынан бастап облыста 12 дауылды (қатты желді) алдын ала ескерту жарияланды, Батыс Қазақстан облысының аумағында жиі болатын бұрқасындар мен борандарға байланысты қардың көптеп жаууы салдарынан 72 рет жол жабылды.
Осыған байланысты, құтқарушылар қар құрсауында қалған азаматтарды құтқару үшін жиі шығады.

2019 жылғы 20 ақпанда шамамен сағат 8.30-да "Көктем" аялдамасының жанындағы қиылыста Көкшетау қ 26-МӨСБ өрт сөндіру автокөліктерінің жүргізуші-қызметкері азаматтық қорғау сержанты Олег Диговец кезекшілікке бара жатқан кезінде Volkswagen Venta автокөлігі мен №10 маршруттық автобусы апатының куәгері болды.
Орын алған ЖКО күрделілігін бағалай отырып, О. Н. Диговец өртке қарсы қызметке және жедел медициналық көмекке қоңырау шалды.

17 ZRAOSO REiD v OraL 1 2019 жылғы 20 ақпанда ҚР ІІМ ТЖК «Батыс өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің құтқарушылары Атырау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп Атырау қаласындағы Жайық өзені бойында ауқымды рейд жүргізді.
Бұл жолы құтқарушыларға жергілікті «Атырау» телеарнасының өкілдері қосылды.